Kaspersky Endpoint Security для Windows саясаты үшін бағдарлама санаттарын жасау

Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатына арналған бағдарламалар санаттарын Бағдарлама санаттары қалтасында және Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатының Сипаттар терезесінде жасауға болады.

Бағдарлама санаттары қалтасында Kaspersky Endpoint Security саясаты үшін бағдарламаларын санатын жасауға болады:

  1. Консоль ағашында КеңейтілгенБағдарламаларды басқаруБағдарлама санаттары тармағын таңдаңыз.
  2. Бағдарлама санаттары қалтасының жұмыс аймағында Жаңа санат түймесін басыңыз.

    Жаңа санат шебері іске қосылады.

  3. Шебердің Санат түрі терезесінде пайдаланушы санаты түрін таңдаңыз:
    • Қолмен толтырылатын санат. Орындалатын файлдар жасалатын санатқа жататын критерийлерді белгілеңіз.
    • Таңдалған құрылғылардағы орындалатын файлдар кіретін санат. Орындалатын файлдары автоматты түрде санатқа енуі керек құрылғыны көрсетіңіз.
    • Көрсетілген қалталардан алынған орындалатын файлдарды қамтитын санат. Орындалатын файлдары автоматты түрде санатқа енуі керек қалтаны көрсетіңіз.
  4. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Шебер аяқталғаннан кейін, реттелмелі бағдарламалар санаттары құрылады. Жасалған санатты Бағдарлама санаттары қалтасының жұмыс аймағындағы санаттар тізімінде қарауға болады.

Сондай-ақ, бағдарламалар санатын Саясаттар қалтасында жасауға болады.

Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатының Сипаттар терезесінде бағдарламалар санатын жасау үшін:

  1. Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
  2. Саясаттар қалтасының жұмыс аймағында бағдарламалар санатын жасауды қажет ететін Kaspersky Endpoint Security саясатын таңдаңыз.
  3. Мәнмәтіндік мәзірде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  4. Ашылған Сипаттар терезесіндегі Бөлімдер панелінде Қауіпсіздікті бақылауБағдарламаны басқару бөлімін таңдаңыз.
  5. Бағдарламаны басқару бөлімінде, Бағдарламаны басқару режимі және Әрекет ашылмалы тізімінде Тыйым салу тізімін немесе Рұқсат ету тізімін таңдап, Қосу түймесін басыңыз.

    Санаттар тізімін қамтитын Бағдарламаны басқару ережесі терезесі ашылады.

  6. Жасау түймесін басыңыз.
  7. Санат атауын енгізіп, ОК түймесін басыңыз.

    Жаңа санат шебері іске қосылады.

  8. Шебердің Санат түрі терезесінде пайдаланушы санаты түрін таңдаңыз:
    • Қолмен толтырылатын санат. Орындалатын файлдар жасалатын санатқа жататын критерийлерді белгілеңіз.
    • Таңдалған құрылғылардағы орындалатын файлдар кіретін санат. Орындалатын файлдары автоматты түрде санатқа енуі керек құрылғыны көрсетіңіз.
    • Көрсетілген қалталардан алынған орындалатын файлдарды қамтитын санат. Орындалатын файлдары автоматты түрде санатқа енуі керек қалтаны көрсетіңіз.
  9. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Шебер аяқталғаннан кейін, реттелмелі бағдарламалар санаттары құрылады. Жаңа санатты бағдарлама санаттары тізімінен көруге болады.

Бағдарлама санаттарын Kaspersky Endpoint Security for Windows қауіпсіздік бағдарламасының құрамына кіретін бағдарламаларды басқару құрамдасы пайдаланады. Бағдарламаны басқару құрамдасы әкімшіге клиент құрылғыларында бағдарламаларды іске қосуға шектеулер қоюға мүмкіндік береді, мысалы, таңдалған санатқа кіретін бағдарламалар негізінде.

Сондай-ақ, қараңыз:

Қолмен толықтырылатын бағдарламалар санатын жасау

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу